Дағдарысты бастан кешіріп жатқан «Тобыл» жаңа инвестор тартуы мүмкін.
Журналист Елдар Аманбаевтың мәліметінше, Қостанайлық клуб Агроөнеркәсіптік холдинг «Олжа Агроның» меншігіне өтуі ықтимал.
Қазіргі уақытта тараптар арасындағы диалог нақты сипат алып отыр, алайда клубты сатып алу туралы түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ.
Агроөнеркәсіптік холдинг Қазақстан аграрлық секторының ірі өкілдерінің бірі саналады және өсімдік шаруашылығы, ет пен сүтті мал шаруашылығы, астық пен майлы дақылдарды сақтау және экспорттау, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын өндірумен айналысады.
Компания басқаратын жер көлемі шамамен 960 мың гектарды құрайды.
Чемпионатта «Тобылдың» жағдайы мәз емес. Мирослав Ромащенконың командасы ҚПЛ турнирлік кестесінде 12-орында тұр. Тоғыз турда команда небәрі екі рет жеңіске жетіп, екі мәрте тең ойнады (сегіз ұпай жинады).
Сонымен қатар, қостанайлықтар Қазақстан Кубогындағы күресін тоқтатты – олар «Қайсарға» пенальти сериясында жол берді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.