«Қатты таңғалдым»: «Барселонадағы» қазақстандық Мессидің сыйлығы туралы айтты

Автор
Fonteam редактор
Автор
15.05.26, 06:00
«Барселона» жүйесіндегі қазақстандық талант Мессиден алған сыйлығы туралы айтты.
«Қатты таңғалдым»: «Барселонадағы» қазақстандық Мессидің сыйлығы туралы айтты
Сурет: ашық дереккөздерден

Қазақстандық жас футболшы Кәрім Меңдіқанов Лионель Мессидің қолтаңбасы қойылған жейдені қалай алғанын айтып берді.

Футболшының сөзінше, күтпеген сыйлықты оған агенті Жаңа жыл қарсаңында табыстаған.

«Мессидің қолтаңбасы қойылған жейде қазір Астанада анамның үйінде тұр. Жаңа жыл алдында агентіммен кездескенбіз. Ол маған «тосынсыйым бар» деді. Кейін Лео Мессидің қолтаңбасы қойылған жейдені көрсетті. Шынымды айтсам, қатты таңғалдым», - деді Меңдіқанов Tengri news берген сұқбатында.

«Барселона» жүйесіне өткен алғашқы қазақстандық

Кәрім Меңдіқанов қазақстандық футболдағы ең көп талқыланып жатқан жас ойыншылардың біріне айналып үлгерді.

1 сәуірде Кәрім Меңдіқановтың ресми түрде «Барселона» жүйесімен келісімшартқа отырғаны белгілі болды. Осылайша ол каталондық клуб құрылымына енген алғашқы қазақстандық футболшы атанды.

Бапкері оны ерте жастан ерекше атап өткен

Бұған дейін ойыншының бапкері Даурен Ихсанов 2011 жылғы балалар арасында талантты футболшылар көп болғанын, алайда Кәрімнің футболдық ойлауымен бірден ерекшеленгенін айтқан еді.

Маманның сөзінше, Кәрім Меңдіқанов қатарластарынан тек техникасымен емес, алаңдағы шешім қабылдау қабілетімен де озық тұрған.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

15.05.26, 06:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
40
2
Қайрат
39
3
Оқжетпес
27
4
Елімай
26
5
Астана
26
6
Ақтөбе
25
7
Ұлытау
23
8
Атырау
18
9
Жетісу
18
10
Жеңіс
18
11
Қайсар
18
12
Қызылжар
15
13
Тобыл
15
14
Каспий Ақтау
14
15
Алтай
13
16
Ертіс
11