«Ақтөбе» футбол мектебінің түлегі Каталонияның үшінші дивизионында өнер көрсететін «Интермен» келісімшарт жасасу үшін Испанияға барды. Оң қанаттағы шабуылшы сынақтан сәтті өтіп, негізгі құрам жаттықтырушыларын мойындатқан. Ол қыркүйек айында командамен бірге алғашқы оқу-жаттығу жиынына аттанады деп күтілуде.
Биылғы маусымда Дәулет Тұрмағанбет Қазақстан Кубогының 1/16 финалында «Жеңіске» қарсы (1:4) матчта алаңға шықты. Ал соңғы екі жылда QJ League додасында жеті нәтижелі іс-қимылымен (гол+пас) көзге түскен.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.