«Бізбен ешкім хабарласпады»: Боранбаев – 15 клубтың ҚФФ-ға жолдаған хаты туралы

Автор
Fonteam редактор
Автор
14.05.26, 07:00
«Қайраттың» қожайыны Қайрат Боранбаев ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық клубтардың төрешілік мәселесіне қатысты ҚФФ-ға жасаған үндеуіне пікір білдірді.
«Бізбен ешкім хабарласпады»: Боранбаев – 15 клубтың ҚФФ-ға жолдаған хаты туралы
Қайрат Боранбаев. Фото: "Қайрат" ФК

«Қайрат» футбол клубына хатқа қатысты ешкім хабарласқан жоқ. Бұл туралы БАҚ-тағы жарияланымдардан білдік. Бұл кімнің бастамасы екені және неліктен бізге хабарласпағаны белгісіз, сондықтан бұған түсініктеме беру қиын. Біз жүз пайыз әділ төрелік жағындамыз. Федерацияға қояр сауалдарымыз шынымен де көп, мен оны үнемі айтып жүрмін. Әр матчтан кейін төрешілікке қатысты шағымдарымызды жіберіп отырамыз», – деді Боранбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық 15 клуб (ҚПЛ-дан 13 және бірінші лигадан екі клуб) ҚФФ президенті Марат Омаровқа хат жолдаған болатын. Құжатта төрешілер корпусының жұмысына көңілі толмайтындар департамент басшысы Нуну Каштрудың отставкасын талап еткен.

Қазіргі таңда аталған үндеудің астында «Қайрат», «Ақтөбе» және «Оқжетпес» клубтарының қолдары жоқ екені белгілі.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

14.05.26, 07:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
40
2
Қайрат
39
3
Оқжетпес
27
4
Елімай
26
5
Астана
26
6
Ақтөбе
25
7
Ұлытау
23
8
Атырау
18
9
Жетісу
18
10
Жеңіс
18
11
Қайсар
18
12
Қызылжар
15
13
Тобыл
15
14
Каспий Ақтау
14
15
Алтай
13
16
Ертіс
11