Хави Симонс «Баварияға» ауысуы мүмкін

Хави Симонс «Баварияға» ауысуы мүмкін
фото из открытых источников

Симонстың өзі де команда басшылығына клубтан кеткісі келетінін хабарлаған

Нидерланд құрамасының жартылай қорғаушысы Хави Симонс алдағы маусымда Германия чемпионатында басқа клубтың намысын қорғайтын сыңайлы. The Athletic дерегінше, Мюнхеннің «Бавария» клубы 22 жастағы футболшыны өз қатарына қосқысы келіп, «Лейпцигке» ресми сұраныс жолдаған.

Симонстың өзі де команда басшылығына клубтан кеткісі келетінін хабарлаған. Оның бұл шешіміне «Лейпцигтің» өткен маусымда еурокубоктарға жолдама ала алмауы себеп болған.

Айта кетейік, Хави Симонс 2025 жылдың қаңтарында «Лейпцигке» 50 миллион еуроға толықтай ауысқан еді. Бұған дейін ол бұл командада бір жарым жыл жалға ойнаған. Өткен маусымда Бундеслигада 25 матч өткізіп, 10 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген.