Ағылшынның Манчестер Юнайтед клубы келесі маусым қарсаңында құрамын күшейту үшін кемінде бес жаңа футболшыны сатып алуды жоспарлап отыр. «Қызыл сойқандардың» негізгі мақсаты — үш орталық жартылай қорғаушы, сол жақ қаптал қорғаушысы және қосалқы шабуылшыны қатарға қосу. Бұл туралы The Sun хабарлады.
Дереккөз мәліметінше, командаға Сенне Ламменсті алмастыра алатын жаңа қақпашы да келуі мүмкін. Сондай-ақ, Манчестер Юнайтед Англия Премьер-лигасында ойнайтын бірнеше футболшыны бақылауда ұстап отыр.
Қазіргі таңда клуб Эллиот Андерсон (Ноттингем Форест), Сандро Тонали (Ньюкасл Юнайтед), Алекс Скотт (Борнмут), Адам Уортон (Кристал Пэлас) және Карлос Балеба (Брайтон) ойыншыларын жіті қадағалап жүр.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.