«Жаңа деңгейге шығарады»: РПЛ легионері Ромащенконың «Тобылға» келуі туралы

Автор
Fonteam редактор
Автор
11.05.26, 08:00
«Жаңа деңгейге шығарады»: РПЛ легионері Ромащенконың «Тобылға» келуі туралы
Сурет: ашық дереккөздерден

Екатеринбургтік «Уралдың» бразилиялық жартылай қорғаушысы Лео Кордейро ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Мирослав Ромащенконың Қазақстанға ауысуына қатысты пікір білдірді.

Бразилиялық футболшы маманның талаптарымен жақсы таныс: Кордейро Ромащенконың қол астында 14 матч өткізген.

«Оның «Тобылға» тағайындалғанын көрдім. Не айтуға болады? Ол – талап қоя білетін, идеясы озық жаттықтырушы. Оның нәтиже шығару үшін барлық мүмкіндігі бар. Меніңше, ол «Тобыл» ойыншыларын жаңа деңгейге шығара алады», – деді легионер.

Ромащенко тағайындалғалы бері қостанайлықтар барлық турнирде төрт матч өткізіп, үш жеңіске жетті және бір рет ұтылды. Қазіргі таңда «Тобыл» сегіз ұпаймен ҚПЛ турнир кестесінің 12-ші сатысында тұр.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5