Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

«Қазақстанның имиджін көтереді»: «Хартстың» экс-қорғаушысы Анарбековтың Еуропадағы болашағы туралы

Елордалық «Жеңістің» бұрынғы қорғаушысы Кристиан Новак ASnews.kz сайтына берген сұхбатында қақпашы Темірлан Анарбековтың әлеуетін бағалап, оның Еуропаға ауысу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
«Қазақстанның имиджін көтереді»: «Хартстың» экс-қорғаушысы Анарбековтың Еуропадағы болашағы туралы
Сурет: ашық дереккөздерден

2024 жылдың басынан 2025 жылдың жазына дейін «Жеңіс» сапында өнер көрсеткен польшалық легионер Анарбековпен бірге 17 матч өткізген.

Анарбековтің құрама мен Еуропадағы мүмкіндігі туралы

«Меніңше, Еуропаға ауысу әбден мүмкін, бірақ ол үшін Темірлан әсіресе еурокубоктарда бабында болуы керек. Қазір Қазақстан ұлттық құрамасы өте мықты, бәсекелестік жоғары, ал ойыншылар топ-лигаларда ойнайды. Сондықтан құрамаға ілігу – оңай шаруа емес», – деді польшалық футболшы.

Темірланның чемпионатқа әсері туралы

«Егер оның еуропалық мықты клубқа ауысуы іске асса, бұл бүкіл қазақ футболының имиджі үшін үлкен дәреже болады. Бұл тек ойыншыға ғана емес, бүкіл лигаға пайда әкеледі. Темірлан – техникалық тұрғыдан өте жақсы дайындалған, жоғары деңгейдегі матчтарда тәжірибесі бар тамаша қақпашы».

Бейімделу қиындықтары туралы

«Егер ол ортасын ауыстыруды ұйғарса, алаңның әртүрлі түрлеріне үйренуіне тура келеді. Қазақстанның ерекшелігі – жасанды көгал, олардың кейбірі өте нашар күйде. Дегенмен, оның шеберлігі кез келген чемпионатта сыннан мүдірмей өтетініне сенімдімін», – деп мәлімдеді Новак.

Кристиан Новак «Жеңіс» намысын бір жарым маусым қорғап, кейін өзбекстандық «Әндіжанға» ауысты. Қазіргі таңда 32 жастағы қорғаушы еркін агент мәртебесінде.

Айта кетейік, Новактың мансабында шотландиялық «Хартс» клубы бар. Дәл осы командада қазір Қазақстан құрамасының вингері Ислам Чесноков өнер көрсетеді.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz