2024 жылдың басынан 2025 жылдың жазына дейін «Жеңіс» сапында өнер көрсеткен польшалық легионер Анарбековпен бірге 17 матч өткізген.
«Меніңше, Еуропаға ауысу әбден мүмкін, бірақ ол үшін Темірлан әсіресе еурокубоктарда бабында болуы керек. Қазір Қазақстан ұлттық құрамасы өте мықты, бәсекелестік жоғары, ал ойыншылар топ-лигаларда ойнайды. Сондықтан құрамаға ілігу – оңай шаруа емес», – деді польшалық футболшы.
«Егер оның еуропалық мықты клубқа ауысуы іске асса, бұл бүкіл қазақ футболының имиджі үшін үлкен дәреже болады. Бұл тек ойыншыға ғана емес, бүкіл лигаға пайда әкеледі. Темірлан – техникалық тұрғыдан өте жақсы дайындалған, жоғары деңгейдегі матчтарда тәжірибесі бар тамаша қақпашы».
«Егер ол ортасын ауыстыруды ұйғарса, алаңның әртүрлі түрлеріне үйренуіне тура келеді. Қазақстанның ерекшелігі – жасанды көгал, олардың кейбірі өте нашар күйде. Дегенмен, оның шеберлігі кез келген чемпионатта сыннан мүдірмей өтетініне сенімдімін», – деп мәлімдеді Новак.
Кристиан Новак «Жеңіс» намысын бір жарым маусым қорғап, кейін өзбекстандық «Әндіжанға» ауысты. Қазіргі таңда 32 жастағы қорғаушы еркін агент мәртебесінде.
Айта кетейік, Новактың мансабында шотландиялық «Хартс» клубы бар. Дәл осы командада қазір Қазақстан құрамасының вингері Ислам Чесноков өнер көрсетеді.