"Қайрат" "Ұлытаумен" тең тарқады

Автор
Fonteam редактор
Автор
10.05.26, 11:36
Алматының «Қайраты» Қазақстан Премьер-Лигасындағы матчтың соңында жеңісті уыстан шығарып алды.
"Қайрат" "Ұлытаумен" тең тарқады
Сурет: ашық дереккөздерден

Алматының «Қайраты» Қазақстан Премьер-Лигасындағы матчтың соңында жеңісті уыстан шығарып алды.

Жезқазғанның «Ұлытауы» мен Алматының «Қайраты» ҚПЛ-дің кейінге шегерілген 22-туры аясында кездесті.

Ойын «Металлург» стадионында өтті. Кездесуге Көкшетаудан келген Антон Кучма бастаған төрешілер бригадасы қазылық етті.

Командалардың бастапқы құрамдары:

«Ұлытау»: Непогодов, Кейлер, Бухал, Бугулов, Малиқайдар, Бугнон, Таубай, Киши, Харада, Анане, Ариагнер;

«Қайрат»: Анарбеков, Мата, Мартынович, Африко, Мрынский, Глейзер, Юккола, Садыбеков, Тұяқбаев, Сатпаев, Жоржиньо.

Матчтың басында алаң иелері шабуылдап, бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырды. Алайда есепті қонақтар ашты — Дастан Сатпаев қақпашымен бетпе-бет шыққан сәтті сәтті пайдаланды. Бірінші таймның соңына қарай Әділет Садыбеков Хироки Хараданың бетіне тізесімен ойнап, қызыл қағаз алып, алматылықтар алаңда бір ойыншыға кем қалды.

Екінші таймда қонақтар уақыт созуға тырысқанымен, ойын соңында бұрыштамадан кейін Максим Чалкин баспен гол соғып, есепті теңестірді — 1:1.

Осы нәтижеден кейін «Қайраттың» еншісінде 22 ұпай бар және команда турнир кестесінде көш бастап тұр. Ал «Ұлытау» 15 ұпаймен үздік бестікке енді.

«Ұлытау» — «Қайрат» 1:1 (0:1)

Голдар: Сатпаев 33 (0:1), Чалкин 82 (1:1)

Қызыл қағаз: Садыбеков 45+2.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
22
2
Ордабасы
19
3
Оқжетпес
16
4
Астана
15
5
Ұлытау
15
6
Елімай
13
7
Ақтөбе
13
8
Жеңіс
13
9
Жетісу
12
10
Қызылжар
11
11
Атырау
11
12
Тобыл
8
13
Каспий Ақтау
7
14
Ертіс
6
15
Қайсар
6
16
Алтай
5