Луис Энрикенің ПСЖ-дағы болашағы белгілі болды

Автор
Fonteam редактор
Автор
09.05.26, 07:00
Францияның Пари Сен-Жермен клубы бас бапкер Луис Энрикемен жаңа келісімшарт жасауға жақын.
Луис Энрикенің ПСЖ-дағы болашағы белгілі болды
Сурет: ашық дереккөздерден

Францияның Пари Сен-Жермен клубы бас бапкер Луис Энрикемен жаңа келісімшарт жасауға жақын. Бұл туралы журналист әрі инсайдер Бен Джейкобс X әлеуметтік желісінде хабарлады.

Дереккөз мәліметінше, 56 жастағы испаниялық маманмен жасалатын жаңа келісім төрт жылға есептелген. Қазіргі уақытта клуб Франция чемпионаты мен Чемпиондар лигасындағы жеңіске назар аударып отырғандықтан, бұл келісім ресми түрде әлі жарияланбаған.

Сондай-ақ, келісімшарт барлық турнир аяқталғаннан кейін, маусым соңында ғана ұзартылса да, клуб басшылығы оған сабырмен қарайтыны айтылған. Себебі тараптар негізгі мәселелер бойынша ортақ келісімге келіп қойған.

Луис Энрикенің париждік клубпен қазіргі келісімі 2027 жылға дейін жарамды. Испаниялық маман Пари Сен-Жермен тізгінін 2023 жылы ұстаған.

Осы уақыт ішінде ол Чемпиондар лигасын жеңіп алып, екі рет Франция чемпионы атанды және ел Кубогын иеленді. Бұдан бөлек, Энрикенің еншісінде Францияның үш Суперкубогы, сондай-ақ УЕФА Суперкубогы мен Құрлықаралық кубок бар.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

09.05.26, 07:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
40
2
Қайрат
39
3
Оқжетпес
27
4
Елімай
26
5
Астана
26
6
Ақтөбе
25
7
Ұлытау
23
8
Атырау
18
9
Жетісу
18
10
Жеңіс
18
11
Қайсар
18
12
Қызылжар
15
13
Тобыл
15
14
Каспий Ақтау
14
15
Алтай
13
16
Ертіс
11