Жақын матчтар
Сенегал ерлер футбол құрамасының дәрігері гинеколог болып шықты
Сенегал футбол федерациясының басшысы Абдулай Фалл ұлттық құрамамен 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеген штаттық дәрігердің гинекологиялық білімі бар екенін айтты.
«Біздің штаттық дәрігеріміз, шын мәнінде, спортшыларымызды сүйемелдеуге қажетті академиялық профильге ие емес. Мұны мен де тым кеш білдім. Себебі бұл дәрігер мамандығы бойынша – гинеколог. Менің ойымша, осындай деңгейде адамдар онымен жұмыс істеуге жеткілікті сенімді болмады. Сондықтан спортшылар бұл мәселеде толық сенімді болу үшін, шын мәніндегі сенімді маман табу қажет болды, өйткені денсаулық бәрінен маңызды», - деді Фалл баспасөз мәслихатында.
Еске салайық, Сенегал құрамасы турнирден 1/16 финалдағы Бельгияға қарсы матчтағы (2:3) жеңілістен кейін шығып қалды.
Ал топтық кезеңдегі Норвегиямен кездесуде (2:3) сенегалдықтардың 34 жастағы қақпашысы Эдуар Менди сол тізесінен жарақат алып, 63-минутта алаңнан кеткен болатын.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.
Пікірлер (0)
Ең сенімді букмекер
нұсқасы бойынша
Толығырақ