Мадридтік Реал Мадрид клубы жақында болған жанжалдан кейін Федерико Вальверде мен Орельен Тчуамениге қатысты шешім қабылдады. Бұл туралы El Mundo хабарлады.
Бұған дейін жартылай қорғаушылар арасында команданың жаттығуларының бірінен кейін жанжал шыққаны туралы ақпарат тараған еді. Дереккөз мәліметінше, ойыншылар арасындағы шиеленіс жаттығу кезінде басталып, кейін киім ауыстыратын бөлмеде жалғасқан.
Оқиға салдарынан Вальверде басынан жарақат алып, енді біраз уақыт алаңнан тыс қалып, қалпына келу кезеңінен өтеді.
Осы жағдайдан кейін мадридтік клуб басшылығы ішкі жиналыс өткізіп, тәртіптік тексеру бастаған. Оның қорытындысы бойынша екі футболшыға да ірі көлемде айыппұл салынған.
Соған қарамастан, «Реал» Вальверде мен Тчуамениді сатуды жоспарлап отырған жоқ. Клубта екі ойыншы да қазіргі құрамның әрі болашақ жобаның маңызды бөлігі саналады.