«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы жартылай қорғаушысы, қазіргі таңда MLS лигасындағы «Интер Майамидің» тең иесі әрі президенті Дэвид Бекхэм футбол тарихындағы ең үздік ойыншы туралы пікір білдірді.
«Тарихтағы ең ұлы футболшы ма? Бұл оңай сұрақ — Лионель Месси! Ешқандай күмәнсіз, ол — ең үздігі», — деді Бекхэм Complex YouTube-арнасына берген сұхбатында.
Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси «Интер Майами» сапында 2023 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол клуб құрамында MLS тұрақты чемпионаты мен плей-оффының жеңімпазы атанып, сондай-ақ Лигалар кубогын жеңіп алды. Флорида клубымен жасалған келісімшарт мерзімі 2028 жылдың соңына дейін есептелген.
Қазіргі клубтық маусымда Месси 12 матчқа қатысып, тоғыз гол соғып, бір нәтижелі пас берді.