Sky Sport Germany басылымының хабарлауынша, «Арсенал» «Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Брэдли Барколаны сатып алуға мүдделі болып отыр.
Дереккөздің мәліметіне сүйенсек, «Арсенал» Барколаның айналасындағы жағдайды жіті бақылап, Франция құрамасының 23 жастағы ойыншысына қатысты барлық қажетті ақпаратты жинастырып жатыр. Бұған дейін «ПСЖ» футболшыға жаңа келісімшарт ұсынғаны, бірақ оның бұл ұсынысты қабылдамағаны хабарланған болатын. Қазіргі таңда келіссөздер әлі де жалғасуда.
Айта кетерлігі, «Арсеналдың» Барколаны іс жүзінде көруге жақында мүмкіндігі туады. Сенбі күні, 30 мамырда, Будапештте өтетін Чемпиондар лигасының финалында лондондық клуб «Пари Сен-Жерменмен» кездеседі. Париждік клуб қатарынан екінші жыл финалға шығып отырса, Лондон командасы соңғы 20 жылда алғаш рет ақтық мәреге жетті.