Йошко Гвардиол "Манчестер Ситимен" келісімге келді

Автор
Fonteam редактор
Автор
08.05.26, 08:11
«Манчестер Сити» қорғаушысы Йошко Гвардиол клубпен жаңа келісімшарт жасасуға жақын тұр, деп хабарлайды Sky Sports.
Йошко Гвардиол "Манчестер Ситимен" келісімге келді
Сурет: ашық дереккөздерден

«Манчестер Сити» қорғаушысы Йошко Гвардиол клубпен жаңа келісімшарт жасасуға жақын тұр, деп хабарлайды Sky Sports.

Бұған дейін ойыншыға мадридтік «Реал» тарапынан қызығушылық бар екені айтылған болатын, алайда «қалалықтар» Йошконы жанжалдардан көз ашпай жатқан испандық клубқа жібермей, өз сапында сақтап қалғысы келеді.

Гвардиол 2023 жылы «РБ Лейпцигтен» ауысқаннан бері клуб үшін 120 ойын өткізді. Йошко орталық және сол қанаттағы қорғаушы ретінде де көмектесіп, өзінің әмбебап ойыншы екенін көрсетті. Қазіргі уақытта Гвардиол қаңтар айының басында алған аяқ сүйегінің (үлкен жіліншік) сынуынан кейін қалпына келу процесін жалғастыруда, бірақ бұл жарақат «Манчестер Ситидің» 24 жастағы хорватпен ынтымақтастықты ұзарту ниетіне еш әсер еткен жоқ.

Осы маусымда Гвардиол барлық турнирлерде 23 ойынға қатысып, екі гол мен бес нәтижелі пастың авторы атанды. Футболшының командамен қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін есептелген. Transfermarkt порталындағы мәліметтерге сәйкес, ойыншының нарықтық құны 70 млн еуроны құрайды.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
21
2
Ордабасы
18
3
Оқжетпес
15
4
Ұлытау
14
5
Елімай
13
6
Астана
12
7
Жетісу
12
8
Қызылжар
11
9
Атырау
10
10
Ақтөбе
10
11
Жеңіс
10
12
Ертіс
6
13
Қайсар
6
14
Тобыл
5
15
Алтай
4
16
Каспий Ақтау
4