«Қайрат» клубының иесі Қайрат Боранбаев Валерий Громыко, Егор Сорокин және Алексардр Мартыновичтің командаға қалай келгенін айтып берді, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Валерий Громыконы «Қайсарда» ойнап жүрген жерінен алдық. Ол ресейлік клубпен жанжалдасып, ойын тәжірибесін жоғалтпау үшін бір жыл Қазақстанда ойнап кетуді көздеді. Жарты жылдын кейін оны командаға шақырдық.
Егор Сорокинмен де жағдай солай болды. Ол «Рубинде» бас бапкермен жанжалдасып қалған еді.
Мартынович ұзақ жылдар бойы «Краснодардың» капитаны болды. Бірақ чемпион атана алмады. Ол клубтан кетіп еді, «Крансодар» бірден чемпионатта топ жарды. Бұл Мартынович үшін өте өкінішті жағдай болды. Ол бізбен келісімшартқа отырған кезде «Краснодардың» бірнеше ойыншысы жарақат алып қалды. Клубтың директоры хабарласып: «Сашаны қайтарасыздар ма, қажет болса ол үшін ақша төлеуге және қосымша екі футболшы беруге дайынбыз», – деді. Біз Александрмен ақылдастық, ол «Қайратта» қалғысы келетінін айтты. Біз онымен бірге екі рет чемпион атандық, Чемпиондар лигасында ойнадық», – деді Боранбаев Заmandas подкастына берген сұхбатында.
Былтыр «Қайрат» сапында өнер көрсеткен Валерий Громыко «МЛ Витебск» (Беларусь), ал Егор Сорокин «Чэнду Жунчэн» (Қытай) клубына ауысып кетті.
Ал 38 жастағы Мартынович әлі де алматылық клубта доп теуіп жүр. Осы маусымда 7 матчқа қатысып, бір гол соқты.