«Жақсы ойын көрсеттік. Бас бапкердің жоспарын барынша орындадық. Бірақ айырмашылық бар: «Қайрат» чемпионаттың қызған шағына жетті, ал біз маусым алдындағы дайындықты енді ғана аяқтадық. Сондықтан физикалық дайындық жағынан аздап кемшілік болды деп ойлаймын. Сондай-ақ матч соңында жолымыз болмады, соңғы минуттарда гол жіберіп алдық.
Соған қарамастан, өз алаңымыздағы кездесуде мүмкіндік бар. Жанкүйерлеріміз бізге үлкен қолдау көрсетеді. Қызықты матч болады деп сенемін. Біз соңына дейін күрестік және гол соғатын сәттің болатынын сездік. Құдай қаласа, өз алаңымызда бәрі басқаша болады», – деді Чадженович.
Сондай-ақ черногориялық футболшы Қазақстанға қайта оралғанына қуанышты екенін айтып, бұл ел жылы естеліктерін бөлісті.
«Қазақстанға қайта келгеніме өте қуаныштымын. Бұл ел туралы тек жақсы естеліктер бар. Бұған дейін «Тараз» бен «Қайсар» клубтарында ойнап, Қазақстанда екі жыл өткіздім. Мұндағы стадиондар, жанкүйерлер және адамдардың қонақжайлығы ерекше әсер қалдырды», – деді ол.
Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта Черногорияның «Сутьескасын» 2:1 есебімен жеңді. Кездесудің 76-минутында Африко есеп ашса, 90-минутта Мрвальевич таразы басын теңестірді. Алайда 90+3-минутта Гуаль көзге түсіп, «Қайратқа» маңызды жеңіс сыйлады.
Командалар арасындағы қарымта кездесу 15 шілдеде Черногорияда өтеді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.