Қазақстандық бапкер жұмыс істейтін қытайлық клуб Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты

Автор
Fonteam редактор
Автор
06.05.26, 03:00
«Синьцзян Цзиньдунь» клубының қақпашылар бапкері Самат Отарбаев Қытай Чемпиондар лигасында (CMCL) қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді.
Қазақстандық бапкер жұмыс істейтін қытайлық клуб Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты
Сурет: ашық дереккөздерден

Топтық кезеңнің екінші турында (Иньчуань дивизионы, L тобы) Отарбаевтың шәкірттері «Цинхай Куньлунь» командасын 1:0 есебімен ұтты. Бұл жеңіс Үрімжі қаласының ұжымына 6 ұпай жинап, плей-офф жолдамасын мерзімінен бұрын иеленуге мүмкіндік берді.

«Синьцзян Цзиньдунь» аймақтық кезеңнің финалдық сатысына шықты. Енді 16 үздік команда кәсіби клуб мәртебесін алу және Қытайдың үшінші дивизионына (Екінші лига) жолдама алу үшін бақ сынайды.

35 жастағы Самат Отарбаев клубтағы жұмысын Шыңжаңның жасөспірімдер құрамасындағы (U-18) қызметімен қатар алып жүр. «Ордабасы» мен «Ақтөбе» клубтарының бұрынғы қақпашысы Қытайға 2025 жылдың басында ауысқан болатын.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
18
2
Ордабасы
18
3
Оқжетпес
15
4
Ұлытау
14
5
Елімай
13
6
Астана
12
7
Жетісу
12
8
Қызылжар
11
9
Атырау
10
10
Ақтөбе
10
11
Жеңіс
10
12
Ертіс
6
13
Қайсар
6
14
Тобыл
5
15
Алтай
4
16
Каспий Ақтау
4