«Ақтөбе» клубындағы жарақат алған ойыншылар тізімі туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды «Серый CARDINAL» телеграм-арнасы.
«ФК „Ақтөбенің“ қазіргі турнирлік сәтсіздіктерінің бір себебі — лазареттің толып кетуі. Әріптестеріміздің мәліметінше, онда Бағдат Қайыров, Даниэль Соса, Дмитро Топалов, Талғат Құсяпов, Еркебұлан Сейдахмет, Никита Корзун бар. Кеше оларға жаңадан келген Данило Митрович те қосылды. Сонымен қатар, Гауденсио да ойнай алмайды. Білетін адамдардың айтуынша, трансферлік келісім уақытында рәсімделген, бірақ клубтың кейбір қызметкерлерінің кінәсінен оны дер кезінде тіркеуге үлгермеген», — деп жазады дереккөз.
Еске салайық, Қазақстан Премьер-Лигасының сегіз турынан кейін «Ақтөбе» 10 ұпай жинап, турнирлік кестеде оныншы орында тұр. Келесі матчта Штефан Тарковичтің командасы 10 мамыр күні өз алаңында қызылордалық «Қайсарды» қабылдайды.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.