«Астон Вилланың» бас бапкері Унаи Эмери мадридтік «Реалдың» тізгінін ұстауы мүмкін үміткерлердің бірі ретінде қарастырылуда. Бұл туралы talkSPORT хабарлады.
Дереккөз мәліметінше, испаниялық клуб басшылығы 54 жастағы маманды қазіргі бапкердің орнын басатын кандидаттардың қысқа тізіміне енгізген және ол негізгі нұсқалардың бірі саналады.
Эмери «Астон Вилланы» 2022 жылдың күзінде тізгіндеді, ал оның ағылшын клубымен жасалған келісімшарты 2029 жылға дейін жарамды. Сонымен қатар, испан маманын «Реалда» жұмыс істеу қызықтыруы мүмкін екені айтылуда, әсіресе бирмингемдік клубтың қаржылық шектеулерін ескерсек.
Қазіргі таңда «Астон Вилла» АПЛ турнирлік кестесінде 35 матчтан кейін 58 ұпай жинап, бесінші орында келеді.
Сондай-ақ команда еурокубоктардағы жорығын жалғастыруда. Еуропа лигасының жартылай финалында клуб «Ноттингеммен» кездесуде. Алғашқы матчта «Вилла» 0:1 есебімен жеңіліп қалды, қарымта ойын 7 мамырда өтеді.
Бұған дейін Эмери Испания чемпионатында да жұмыс істеген, ол «Альмерия», «Валенсия», «Севилья» және «Вильярреал» клубтарын жаттықтырған.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.