«Интер» Серия А-ның 35-туры аясында «Парма» командасын 2:0 есебімен жеңіп, Италия чемпионы атанды. Бұл — «нерадзурридің» тарихындағы 21-чемпиондық атақ.
Серия А-дағы чемпиондықтар саны бойынша «Интер» екінші орында тұр. Көш басында 36 титулы бар «Ювентус» келеді. «Миланның» еншісінде 19 чемпиондық болса, «Дженоада» — тоғыз, ал «Торино», «Болонья» және «Про Верчелли» командаларында жетіден титул бар.
Қазіргі таңда «Интер» Италия чемпионатының турнирлік кестесінде 82 ұпаймен көш бастап тұр. Маусымның қалған матчтарында Кристиан Киву шәкірттері 9 мамырда сырт алаңда «Лациомен», 17 мамырда өз алаңында «Веронамен» және 24 мамырда сырт алаңда «Болоньемен» кездеседі.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.