Қазақстан Премьер-Лигасының сегізінші турының қорытынды матчында шымкенттік «Ордабасы» мен «Ақтөбе» кездесті.
Командалардың бастапқы құрамдары: «Ордабасы»: Шайзада, Антич, Малый, Килама, Астанов, Капацина, Аманович, Абагна, Натель, Астанов, Мораес;
«Ақтөбе»: Заруцкий, Танжариков, Ордец, Ерланов, Досмагамбетов, Жуков, Зелькович, Альварес Гарсия, Кенесов, Нани, Шушеначев.
Матчтың екінші минутында-ақ шымкенттіктер есеп ашты — соңғы соққыны Эвертон Маседо жасады. Одан кейін ойын тең дәрежеде өтіп, қауіпті сәттер аз болды. Есеп тек 90+4 минутта өзгерді: Жасұлан Әмір «Ордабасының» басымдығын арттырды — 2:0.
Осылайша, «Ордабасының» еншісінде 18 ұпай бар және ол алматылық «Қайратпен» бірге турнир кестесінің көшін бастап тұр. Ал «Ақтөбе» 10 ұпаймен кестенің төменгі бөлігінде қалды.
«Ордабасы» — «Ақтөбе» 2:0 (1:0)
Голдар: Эвертон 2 (1:0), Әмір 90+4 (2:0).