"Ұлытау" – "Елімай" матчында сенсация тіркелді

Автор
Fonteam редактор
Автор
03.05.26, 11:53
Жезқазғанның «Ұлытау» және семейлік «Елімай» командалары Қазақстан Премьер-Лигасының сегізінші туры аясында кездесті.
"Ұлытау" – "Елімай" матчында сенсация тіркелді
Сурет: ашық дереккөздерден

Жезқазғанның «Ұлытау» және семейлік «Елімай» командалары Қазақстан Премьер-Лигасының сегізінші туры аясында кездесті.

Ойын «Металлург» стадионында өтті. Кездесуге талдықорғандық Сергей Ноженко бастаған төрешілер бригадасы қызмет көрсетті.

Командалардың бастапқы құрамдары төмендегідей болды:

«Ұлытау»: Непогодов, Кейлер, Бухал, Бугулов, Маликайдар, Бугнон, Таубай, Киши, Харада, Анане, Ариагнер;

«Елімай»: Стойкович, Габриэль, Жұмаханов, Миладинович, Аширбек, Москера, Тулюбай, Оразов, Илич, Плакка, Свиридов.

Кездесудің алтыншы минутында Георгий Бугулов баспен дәл соққы жасап, есеп ашты. Одан кейін ойын ашық сипат алып, екі команда да гол соғуға мүмкіндік алды, алайда есеп өзгерген жоқ — 1:0.

Осылайша, «Елімай» ҚПЛ-2026 маусымындағы алғашқы жеңілісіне ұшырап, 13 ұпаймен турнирлік кестеде бесінші орында тұр. Ал «Ұлытау» 14 ұпай жинап, қарсыласынан бір саты жоғары орналасты.

«Ұлытау» — «Елімай» 1:0 (1:0)

Гол: Бугулов 6 (1:0).

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
18
2
Ордабасы
15
3
Елімай
13
4
Оқжетпес
12
5
Астана
12
7
Жетісу
12
8
Қызылжар
11
8
Ұлытау
11
9
Ақтөбе
10
10
Атырау
7
11
Жеңіс
7
12
Ертіс
6
13
Қайсар
6
14
Тобыл
5
15
Алтай
4
16
Каспий Ақтау
1