Журналис Ермұхамед Мәулен Шымкенттің «Ордабасысына» қарсы Қазақстан Премьер-Лигасының сегізінші туры аясындағы матчта жеңіске жеткен жағдайда «Ақтөбе» футболшыларына берілетін бонустық төлемдер туралы ақпаратпен бөлісті.
«Егер „Ақтөбе“ бүгін Шымкентте жеңіске жетсе, клуб басшылығы командаға ірі сыйақы төлеу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Біздің дереккөздің айтуынша, бұл — 100 миллион теңге. Сонымен қатар жеке бонустар да қарастырылған: гол соққан ойыншы ақшалай сыйақы алады», — деп жазады Мәулен өзінің телеграм-арнасында.
Еске сала кетейік, «Ордабасы» — «Ақтөбе» матчы бүгін, 3 мамыр күні Шымкентте өтеді. Басталу уақыты — Қазақстан уақытымен 20:00.