"Астана" бапкері ойыншылардың басқа ұжымдарға кетіп қалуына байланысты уәж білдірді

Автор
Fonteam редактор
Автор
03.05.26, 04:00
«Астана» U-17 командасының бас бапкері Владимир Глевич QJ League турнирінің үшінші турында «Шахтерден» (0:5) ірі есеппен жеңілгеннен кейін пікір білдірді.
"Астана" бапкері ойыншылардың басқа ұжымдарға кетіп қалуына байланысты уәж білдірді
Сурет: ашық дереккөздерден

— Мұнда не айтуға болады? 5:0 — Қарағандының пайдасына, оған қоса «Астана»... Шынымды айтсам, шаршадық. Бұл — бір жылдың емес, бірнеше жылдан бері жиналып қалған мәселе. Жыл сайын ойыншыларды топ-тобымен алып кеткенде команда жинау өте қиын. Бұрын тек «Қайрат» қана алатын, қазір — «Қайрат», Қарағанды, ұлттық құрама, тағы бір «Атлетико»... Құрамнан он ойыншы кетсе, бір айдың ішінде команданы қалай құруға болады? Клубқа да бәрібір сияқты. Міне, осылай ойнаймыз. Біз қайда бара жатырмыз? Иә, біз Қарағандыны, «Қайратты», ұлттық құраманы дамытып жатырмыз... Әр жастағы «Астанадан» ойыншыларды топ-тобымен алып кетеді. Біздің жаттықтырушылар да қиналып жүр — қалай ойнау керек? Нәтиже міне — үш ойын, 14:0, — деді Глевич.

Айта кетейік, «Шахтер» бұл матчта Али Садырбаев, Никита Духов, Елдар Жолдиканов, Артем Ляшук және Тимур Казанцевтің голдарының арқасында ірі жеңіске жетті.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
15
2
Ордабасы
15
3
Елімай
13
4
Оқжетпес
12
5
Астана
12
6
Қызылжар
11
7
Жетісу
11
8
Ұлытау
11
9
Ақтөбе
10
10
Атырау
7
11
Жеңіс
7
12
Ертіс
6
13
Қайсар
5
14
Тобыл
5
15
Алтай
4
16
Каспий Ақтау
1