«Тоттенхэм» қорғаушысы Микки ван де Вен жазғы трансферлік кезеңде «Манчестер Юнайтед» ойыншысы атануы мүмкін.
Daily Mail хабарлауынша, «МЮ» 25 жастағы футболшының жағдайын бақылап отыр. «Қызыл сойқандар» оның жылдамдығын, доппен жақсы жұмыс істеуін және доп тартып алудағы шеберлігін жоғары бағалайды. Бір қызығы, қорғаушының «шпорлармен» келісімшартында өтемақы сомасы көрсетілмеген.
Ван де Вен «Тоттенхэмге» 2023 жылы Вольфсбург клубынан 40 миллион еуроға ауысып келген.
Ағымдағы маусымда қорғаушы барлық турнирде 40 матчқа қатысып, 7 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген. Оның клубпен келісімшарты 2029 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt мәліметінше, футболшының нарықтық құны 65 миллион еуроны құрайды.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.