Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Альваро Арбелоа алдағы жазда Жозе Моуринью тағайындалуы мүмкін деген ақпаратқа пікір білдірді.
«Мен ертеңгі матч туралы алаңдаймын. Болашақ — бұл ертең, мен әрдайым «Реал» туралы ойлаймын. Мұндай сұрақтарды түсінемін, бірақ қайталап айтамын: болашақ — ертең, ең маңыздысы — сол. Әр матч — менің өмірім», — деп келтіреді Арбелоаның сөзін Sport.es.
Бұған дейін БАҚ-та Моуриньюдің «Корольдік клубқа» қайта оралғысы келетіні хабарланған еді. Алайда португалиялық маманның өзі «Реалдың» оған хабарласпағанын ашық мәлімдеді.
Арбелоа "Реал" командасын қаңтар айынан бері жаттықтырып келеді. Оның қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазыны дейін жарамды.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.