«Ақтөбе» клубының спорттық директоры Марат Хайруллин қызметінен кетті, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Маманмен жасалған келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды. Хайруллин бұл қызметке өткен жылдың тамыз айында тағайындалған еді.
Еске салайық, Қазан қаласының тумасы Марат Хайруллин ойыншылық мансабында «Ақтөбе» сапында 2007–2009 және 2010–2015 жылдары өнер көрсеткен. Ол — клуб тарихындағы үздік бомбардир. Сондай-ақ Қазақстанда «Оқжетпес», «Атырау», «Қайсар» және «Байқоңыр» командаларында ойнаған.
Жеті турдан кейін Қазақстан Премьер-лигасында «Ақтөбе» 10 ұпаймен тоғызыншы орында тұр.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.