Лондондық Арсенал клубының жартылай қорғаушысы Деклан Райс Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы Атлетико командасына қарсы алғашқы матчтан кейін айтқан сөздері үшін УЕФА тарапынан тәртіптік тексеріске ілігуі мүмкін. Бұл туралы The Times хабарлады.
Мадридте өткен алғашқы кездесу 1:1 есебімен аяқталды: командалар пенальтиден гол алмасып, Хулиан Альварес пен Виктор Дьёкереш мергендік танытты. Ойынның шешуші сәті екінші таймда орын алды: бас төреші Данни Маккели әуелі «Арсенал» пайдасына пенальти белгілегенімен, кейін VAR көмегімен шешімін өзгертіп, оны жоққа шығарды.
Матчтан кейін Деклан Райс осы эпизодты сынға алған. Дереккөз мәліметінше, УЕФА істі қарастыру мүмкіндігін зерттеп жатыр, ал ойыншыны дисквалификация күтуі ықтимал.
Қарымта матч 5 мамыр күні Лондонда өтеді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.