Қызылорданың «Қайсары» мен алматылық «Қайрат» Қазақстан Кубогының 1/8 финалында кездесті.
Ойын «Қайсар Арена» стадионында өтті. Кездесуге Астанадан келген Георгий Чеховский бастаған төрешілер бригадасы қызмет етті.
Командалардың бастапқы құрамдары төмендегідей болды:
«Қайсар»: Ковач, Аскаров, Төлегенов, Жұмабеков, Тәжібай, Әбікен, Қалдыбеков, Серікұлы, Жұмат, Мұхамед, Джонс;
«Қайрат»: Қалмұрза, Кургин, Базарбаев, Кенесбеков, Нұрғалиев, Себальос, Адиш, Дүйсенбек, Тұяқбаев, Бағдат, Рикардиньо.
Ойынның 4-минутында Айбол Әбікеннің айып соққысынан кейін Шерхан Қалмұрза допты қолынан шығарып алып, оны Ерсұлтан Қалдыбеков қақпаға бағыттады. Кейін қос команда шабуыл алмасып, 61-минутта Батырхан Тәжібай есепті еселей түсті. Ал 93-минутта Азамат Тұяқбаев есеп айырмасын қысқартты — 2:1.
Осылайша, «Қайсар» келесі кезеңге өтті. Енді олар Қостанайдың «Тобылымен» кездеседі.
Сонымен қатар ширек финалда астаналық «Жеңіс», петропавлдық «Қызылжар» және талдықорғандық «Жетісу» командалары да өнер көрсетеді.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.