Қазақстан құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев алматылық «Қайрат» сапындағы 50-матчын өткізіп, мерейтойлық межеге жетті, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Форвард үшін мерейтойлық ойын семейлік «Елімайға» қарсы өз алаңындағы кездесу болды. Ол «сары-қаралар» сапында 2024 жылдың 26 мамырында Оралдың «Ақжайығына» қарсы Лига кубогы аясындағы матчта дебют жасаған еді. Сол ойында «Қайрат» 9:0 есебімен ірі жеңіске жеткен. Қазіргі таңда оның еншісінде 50 матч, 22 гол және 10 нәтижелі пас бар.
Айта кетейік, 2026 жылдың тамыз айында 18 жасқа толған соң, Сәтпаев лондондық «Челсиге» қосылады.
Қазіргі уақытта «Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде 15 ұпаймен көш бастап тұр.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.