Бавария Пари Сен-Жермен командасына қарсы УЕФА Чемпиондар лигасы жартылай финалының алғашқы матчында 4:5 есебімен жеңілді. Opta мәліметінше, мюнхендік клуб 1995 жылдың сәуірінен бері алғаш рет еурокубоктарда бес гол жіберіп отыр.
Соңғы рет мұндай жағдай 1994/1995 маусымында, Чемпиондар лигасының жартылай финалында Аякс командасына қарсы сырт алаңдағы ойында тіркелген — 2:5.
Сонымен қатар, «Пари Сен-Жермен» 2025/2026 жылғы Чемпиондар лигасы маусымында төрт матчта кемінде бес голдан соқты — бұл осы турнирдегі кез келген клубтан жоғары көрсеткіш.
Жартылай финал аясындағы «ПСЖ» бен «Бавария» арасындағы қарымта кездесу бір аптадан кейін, 6 мамыр сәрсенбі күні Мюнхенде өтеді. Бұл жұптың жеңімпазы финалда Атлетико Мадрид пен Арсенал арасындағы қарсыласудың жеңімпазымен кездеседі.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.