Жартылай қорғаушы Кобби Майну «Манчестер Юнайтед» клубымен жаңа келісімшарттың шарттарын келісті. Бұл туралы журналист әрі инсайдер Фабрицио Романо әлеуметтік желідегі X парақшасында хабарлады.
Дереккөздің мәліметінше, жаңа еңбек келісімі 2031 жылдың жазына дейін есептелген. Сондай-ақ футболшының жалақысы айтарлықтай өседі. Клуб жартылай қорғаушымен келісімшартты ұзартқанын осы маусым аяқталғанға дейін, тіпті осы аптада-ақ ресми түрде жариялауы мүмкін.
Осы маусымда Майну барлық турнирде 26 матч өткізіп, үш нәтижелі пас берген. Transfermarkt сайтының мәліметі бойынша, ойыншының нарықтық құны 50 миллион еуроны құрайды.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.