«Ақтөбе» шабуылшысы Артур Шушеначев алған жарақат ауыр емес, деп хабарлайды AmanVIBE.
Қазақстан құрамасының форварды ҚПЛ аясында павлодарлық «Ертіске» қарсы матчта (1:0) жеңіс голы соғылған эпизодтан кейін жарақат алып, бірнеше минуттан соң ауыстырылған болатын.
Дереккөз мәліметінше, футболшыға қалпына келу үшін екі күн берілген. Оның Қазақстан Кубогының келесі матчына қатысуы әзірге белгісіз және жаттықтырушылар штабының шешіміне байланысты болады.
30 сәуір күні «Ақтөбе» Қазақстан Кубогының 1/8 финалы аясында «Елімайды» қабылдайды, ал 3 мамырда команда Премьер-лиганың сегізінші турында сырт алаңда шымкенттік «Ордабасымен» кездеседі.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.