Біржан Оразов "Қайраттан" кететінін мәлімдеді

Автор
Алихан Ибраев
Автор
27.04.26, 07:40
Қазақстан құрамасының футзалдағы көшбасшыларының бірі Біржан Оразов маусым аяқталған соң «Қайраттан» кететінін мәлімдеді.
Біржан Оразов "Қайраттан" кететінін мәлімдеді
Сурет: ашық дереккөздерден

«Соңғы жаңалықтарға байланысты ресми мәлімдеме жасағым келеді.

Шынымды айтсам, мен бұл туралы ресми түрде өзім жариялап, маусым соңында жанкүйерлермен әдемі қоштасқым келген. Алайда ақпарат пабликтерде мерзімінен бұрын тарап кетті.

Мен әрдайым жанкүйерлеріммен шынайы болдым және солай қала беремін. Сондықтан бұл шешімді сіздерге жеке өзім хабарлауды дұрыс деп санадым. Соңғы 8 жылда мен АФК «Қайрат» сапында өнер көрсетіп, осы клубтың бір бөлшегі болдым.

Мен клубтан кету туралы шешім қабылдадым. Бұл – менің жеке шешімім. Өз алдыма жаңа мақсаттар қойып, жаңа сынақтарды қабылдағым келеді. Бұл маусымды командамен бірге аяқтаймын.

Алда жаңа мақсаттар, жаңа команда және жаңа жеңістер күтіп тұр», — деп жазды футболшы Instagram парақшасында.

2022 жылы Оразов Еуропа чемпионатында 7 гол соғып, «Алтын бутса» алған алғашқы қазақстандық атанды. Ол Қазақстан құрамасы сапында ең көп матч өткізген ойыншылардың топ-7 қатарына кіреді (70-тен астам ойын). Сондай-ақ 2024 жылғы әлем чемпионатында Испания құрамасына қарсы матчтың 7-секундында гол соғып, мундиаль тарихындағы ең жылдам голдардың бірінің авторы атанды.

2020/2026 маусымында Оразов «Қайрат» сапында 46 матч өткізіп, 29 гол соқты.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
18
2
Ордабасы
18
3
Оқжетпес
15
4
Ұлытау
14
5
Елімай
13
6
Астана
12
7
Жетісу
12
8
Қызылжар
11
9
Атырау
10
10
Ақтөбе
10
11
Жеңіс
10
12
Ертіс
6
13
Қайсар
6
14
Тобыл
5
15
Алтай
4
16
Каспий Ақтау
4