Ойын елордалық «Астана Арена» стадионында өтті. Кездесуге Көкшетаудан келген Антон Кучма бастаған төрешілер бригадасы қызмет көрсетті.
Командалардың бастапқы құрамдары төмендегідей болды:
«Астана»: Чондрич, Вороговский, Калаица, Касым, Бартолец, Бейсебеков, Башич, Исламхан, Абраев, Каримов, Томасов;
«Атырау»: Хаткевич, Калмуратов, Юденков, Сатанов, Ткаченко, Нойок, Джуматов, Рабиу, Абдулла, Девенс, Дорофеев.
Алғашқы таймның өзінде-ақ Алибек Касым мен Рамазан Каримов айып алаңы ішінен дәл соққылар жасап, алаң иелерін алға шығарды. Екінші таймда «Астана» есепке сай ойнап, жеңісті сақтап қалды — 2:1.
Енді «Астананың» еншісінде 12 ұпай бар және команда алғашқы бестікке көтерілді, ал «Атырау» жеті ұпаймен турнир кестесінің төменгі бөлігінде қалды.
«Астана» — «Атырау» 2:1 (2:0)
Голдар: Касым 19 (1:0), Каримов 24 (2:0), Касым (автогол) 89 (2:1).