«Арсенал» алдағы жазда 27 жастағы шабуылшы Виктор Дьёкерештің трансфері бойынша кез келген ұсынысты қарастыруға дайын. Бұл туралы indykaila News X әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
Лондондық клуб швециялық форвардты 2025 жылдың жазында «Спортингтен» 70 миллион еуроға сатып алған. Осы уақыт ішінде Дьёкереш барлық турнирде 48 матчқа қатысып, 18 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. Футболшының клубпен қазіргі келісімшарты 2030 жылдың жазынына дейін жарамды. Transfermarkt порталының мәліметінше, ойыншының нарықтық құны 65 миллион еуроны құрайды.