«Тобылдың» бұрынғы қорғаушысы Виталий Волков ASnews.kz сайтына берген сұхбатында қостанайлық клубтың бас бапкері қызметіне беларусь маманы Мирослав Ромащенконың келуіне қатысты пікір білдірді.
«Мен Мирослав Юрьевичтің қол астында 18 жыл бұрын ойнағанмын. Оның философиясы «спартактық» екені есімде – бүкіл ойын доппен жұмыс істеуге құрылатын. Ромащенко – әрбір детальға мән беретін талапшыл маман. Иә, ол үшін бұл жаңа ел, бірақ футбол барлық жерде бірдей. Бір жерде атлетикаға, енді бір жерде техникаға басымдық беріледі. Ол бұл істі алып кетеді деп ойлаймын. Әрине, бәрі ойыншылардың деңгейіне байланысты. Қазір тактикалық схема да өзгеруі мүмкін. Дегенмен жаңа бапкердің келуі – футболшылар үшін үлкен эмоциялық серпіліс. Кейде тіпті құрам өзгермесе де, нәтиже мүлдем бөлек болады. Бапкер командаға жаңа ой салып, бағыт көрсетсе, бәрі тез өзгереді», – деді Волков.
52 жастағы Мирослав Ромащенко қостанайлықтардың бапкерлер штабына көмекші болып тағайындалғаннан кейін небәрі бір айдан соң Нұрбол Жұмасқалиевтің орнына келді. Бұған дейін маман «Томь» және «Ахмат» клубтарын басқарған, сондай-ақ көптеген жылдар бойы Ресей құрамасында, «Легия» және «Ференцварош» клубтарында Станислав Черчесовтің негізгі көмекшісі болды.
Айта кетейік, қазіргі таңда «Тобылдың» футбол орталығында кезінде Томскіде Ромащенконың қол астында өнер көрсеткен Виталий Волковтың өзі қызмет етеді.