Мюнхендік Бавария Германия Бундеслигасының 31-туры аясында Майнц командасын жігерлі камбэк жасап, жеңіп шықты.
Ойын қонақтар үшін сәтсіз басталды, олар алаңға Германия чемпионы мәртебесінде шыққан еді. Бірінші таймда «Бавария» үш гол жіберіп алды: 15-минутта Доминик Кор есеп ашса, 29 және 45-минуттарда Пол Небель мен Шеральдо Бекер мергендік танытты.
Үзілістен кейін бас бапкер Венсан Компани алаңға Харри Кейн мен Майкл Олисе шығарып, өзгеріс енгізді. 53-минутта Николас Джексон есеп айырмасын қысқартты. 73-минутта Олисе әдемі гол соғып, допты қақпаның «тоғыздығына» дәл бағыттады. Ал жеті минуттан кейін Джамал Мусиала жақын қашықтықтан есепті теңестірді — 3:3.
Жеңіс голы 83-минутта соғылды: Кейн «Баварияға» жеңіс сыйлады — 4:3.