Ойын Қобыланды батыр атындағы «Орталық» стадионда өтті. Кездесуді павлодарлық Айдын Тасыбаев бастаған төрешілер бригадасы басқарды.
Командалардың бастапқы құрамдары төмендегідей болды:
«Ақтөбе»: Заруцкий, Митрович, Ордец, Ерланов, Танжариков, Жуков, Альварес Гарсия, Корзун, Зелькович, Кенесов, Шушеначев;
«Ертіс»: Ботнарь, Төлеуов, Биток, Фард, Нечаев, Оматай, Климович, Жарынбетов, По, Ағыманов, Седько.
Командалар қауіпті сәттерді жеткілікті деңгейде ұйымдастырғанымен, бірінші таймда гол соғылған жоқ. Александр Заруцкий мен Виталий Ботнарь өздерін жақсы қырынан көрсетті. Екінші таймда Артур Шушеначев қақпа алдына жасалған пасқа дер кезінде жетіп, алаң иелеріне жеңіс сыйлады — 1:0.
Осылайша, «Ақтөбе» 10 ұпай жинап, турнир кестесінің жоғарғы бөлігіне көтерілді, ал «Ертіс» 6 ұпаймен төменгі қатарда қалды.
«Ақтөбе» — «Ертіс» 1:0 (0:0)
Гол: Шушеначев 63 (1:0).
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.