"Ақтөбе" өз алаңында үш апайды еншілей алды

Автор
Fonteam редактор
Автор
26.04.26, 04:44
«Ақтөбе» мен павлодарлық «Ертіс» Қазақстан Премьер-Лигасының жетінші туры аясында кездесті.
"Ақтөбе" өз алаңында үш апайды еншілей алды
Сурет: ашық дереккөздерден

Ойын Қобыланды батыр атындағы «Орталық» стадионда өтті. Кездесуді павлодарлық Айдын Тасыбаев бастаған төрешілер бригадасы басқарды.

Командалардың бастапқы құрамдары төмендегідей болды:

«Ақтөбе»: Заруцкий, Митрович, Ордец, Ерланов, Танжариков, Жуков, Альварес Гарсия, Корзун, Зелькович, Кенесов, Шушеначев;

«Ертіс»: Ботнарь, Төлеуов, Биток, Фард, Нечаев, Оматай, Климович, Жарынбетов, По, Ағыманов, Седько.

Командалар қауіпті сәттерді жеткілікті деңгейде ұйымдастырғанымен, бірінші таймда гол соғылған жоқ. Александр Заруцкий мен Виталий Ботнарь өздерін жақсы қырынан көрсетті. Екінші таймда Артур Шушеначев қақпа алдына жасалған пасқа дер кезінде жетіп, алаң иелеріне жеңіс сыйлады — 1:0.

Осылайша, «Ақтөбе» 10 ұпай жинап, турнир кестесінің жоғарғы бөлігіне көтерілді, ал «Ертіс» 6 ұпаймен төменгі қатарда қалды.

«Ақтөбе» — «Ертіс» 1:0 (0:0)

Гол: Шушеначев 63 (1:0).

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
14
2
Ордабасы
12
3
Елімай
12
4
Қызылжар
11
5
Оқжетпес
11
6
Ұлытау
11
7
Астана
9
8
Жетісу
8
9
Атырау
7
10
Ақтөбе
7
11
Ертіс
6
12
Жеңіс
6
13
Қайсар
4
14
Алтай
3
15
Тобыл
2
16
Каспий Ақтау
1