Джейми Гиттенс — енді «Челси» ойыншысы

Джейми Гиттенс — енді «Челси» ойыншысы
фото: instagram.com/chelseafc/

Бұл туралы ресми түрде клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Ағылшын футболының жас дарындарының бірі Джейми Гиттенс дортмундтық «Боруссиядан» лондондық «Челси» сапына ауысты.

20 жастағы жартылай қорғаушы 2032 жылға дейінгі жеті жылдық келісімшартқа қол қойды. БАҚ мәліметінше, трансфер құны — 50 миллион еуро, ал бонустар ретінде қосымша 5 миллион төленуі мүмкін.

Гиттенс «Боруссияға» 2020 жылы «Манчестер Сити» академиясынан келіп қосылған. Осы уақыт аралығында 107 матчқа қатысып, 17 гол соғып, 14 нәтижелі пас берген.

«Челси» жас талантқа ұзақмерзімді жобаның бір бөлігі ретінде сенім артып отыр.