Бельгияның «Генк» академиясының 16 жастағы шабуылшысы Шахмурат Даулетов «Левенге» қарсы жастар чемпионатының матчында өнер көрсетті.
Қазақстандық футболшы 21-тур ойынына негізгі құрамда шығып, дубль жасап, командасының 4:0 есебімен ірі жеңіске жетуіне үлкен үлес қосты. Ол матчтың 79-минутында алмастырылды.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық ойыншының клубы мерзімінен бұрын чемпиондықты қамтамасыз еткен еді. Ағымдағы маусымда Даулетовтың еншісінде 7 гол және 4 нәтижелі пас бар. Барлық турнирлерде ол 20 матч өткізіп, 8 гол соғып, жоғары нәтижелілігін көрсетіп келеді.