Ямал ауыр жарақат туралы жаңалықтан кейін үн қатты

Автор
Fonteam редактор
Автор
24.04.26, 06:17
Жұлдызды вингер бұл соңы емес, тек үзіліс екенін айтты.
Ямал ауыр жарақат туралы жаңалықтан кейін үн қатты
Ламин Ямал

«Барселона» «Сельтаға» қарсы матчта үш ұпай еншілесе де, Ламин Ямальды маусымның соңына дейін жоғалтты.

Каталондық жас вундеркинд үшін маусым мезгілінен бұрын аяқталды. Одан да сорақысы, испаниялық вингердің 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатыса алмауы мүмкін екені күтілуде.

Ямаль жанкүйерлеріне үн қатты

Бүгін «Барселонаның» және Испания құрамасының 18 жастағы ойыншысы өзінің Instagram парақшасында «Сельтаға» қарсы матчта алған ауыр жарақатынан кейін жанкүйерлерге үндеу жолдады.

«Бұл жарақат мені дәл алаңда болуды ең қатты қалаған сәтімде ойыннан шеттетіп отыр, және бұл сезімді сөзбен жеткізу қиын. Командадағы әріптестеріммен иық тіресе күресе алмағандығым, командаға ең қажет кезде көмектесе алмағаным қатты ауыртады. Бірақ мен оларға сенемін және әр матчта барын салатынын білемін.

Мен алаң сыртында болсам да, жанкүйер болып, қолдап, жігерлендіріп, олармен бірге боламын. Бұл соңы емес, бұл — тек үзіліс. Мен бұрынғыдан да мықты қайтып ораламын, ынтам бұрынғыдан да арта түседі, ал келесі маусым одан да жақсы өтеді.

Қолдау білдірген хабарламаларыңыз үшін рахмет және Visca el Barça», – деп жазды Ямаль.

Не болды?

Ямаль кеше Ла Лигадағы матчта пенальти орындау кезінде жарақат алды. Футболшы сол аяғының тізе асты сіңірін зақымдады.

Оның толық қалпына келуі төрт айға дейін созылуы мүмкін, бұл вингердің жазғы Әлем чемпионатына деген үмітін жоққа шығарады.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

24.04.26, 06:17

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
40
2
Қайрат
39
3
Оқжетпес
27
4
Елімай
26
5
Астана
26
6
Ақтөбе
25
7
Ұлытау
23
8
Атырау
18
9
Жетісу
18
10
Жеңіс
18
11
Қайсар
18
12
Қызылжар
15
13
Тобыл
15
14
Каспий Ақтау
14
15
Алтай
13
16
Ертіс
11