Матчқа командалар мынадай бастапқы құраммен шықты:
«Арыс»: Кемаладин, Куралбаев, Бегали, Бакиров, Усипханов, Мансуров, Куатбекұлы, Абдимуталипов, Мамырбаев, Хаджиев, Кыстаубай;
«Шахтёр»: Килджиев, Нурмугамет, Оспанов, Литош, Прокопенко, Галкин, Таипов, Айманов, Васильченко, Мигунов, Богачёв.
Қонақтар есепті 38-минутта ашты — айып добынан Артём Литош дәл соққы жасады. Екі минуттан кейін Максим Галкин «кеншілердің» басымдығын арттырды. Үзілістен кейін бірден Литош дубль авторы атанса, Рифат Нурмугамет «Шахтёрдың» төртінші голын соқты. Одан кейін тағы да Литош үшінші голын енгізіп, хет-трик жасады. Ал матчтағы соңғы нүктені Арман Нусип қойды — 6:0, қарағандылық команданың ірі жеңісі.
Үшінші турдан кейін «Шахтёрдың» еншісінде жеті ұпай бар. Ал «Арыс» әзірге ұпай жинай алмай, Түркістан облысының клубы Бірінші лига турнирлік кестесінің ең соңында қалып отыр.