Магомед Әдиев "Ақтөбені" неге басқарамғанын айтып берді

Автор
Fonteam редактор
Автор
22.04.26, 10:48
«Крылья Советов» клубының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев самаралық клубтан кеткеннен кейін неге «Ақтөбені» басқармағанын түсіндірді.
Магомед Әдиев "Ақтөбені" неге басқарамғанын айтып берді
Магомед Адиев.

— Сіз Қазақстанда болған кезде «Ақтөбемен» жазға келіссөз жүргізгеніңізді айттыңыз. Бірақ олар сізді бірден алғысы келгенін де айттыңыз. «Крыльядан» кеткен соң неге «Ақтөбеге» бармадыңыз?

— Бұл менің ешқайда қашпағанымды дәлелдейді. Және мен тағы да өз шешімімнің соңына дейін берік болатынымды көрсеттім. Тіпті одан да көп айтайын: губернатордан шыққан соң, сол кеште инвестордың өзі маған қоңырау шалды.

— «Ақтөбенің» инвесторы ма?

— Иә. Ол: «Магомед, сені ертең-ақ жұмыстан шығаруы мүмкін», — деді. Мен: «Иә, ертең шығаруы мүмкін», — дедім. Ол: «Біз ертең жаңа бапкер тағайындауымыз керек. Бізге қазірдің өзінде бір бапкер ұшып келе жатыр. Бірақ егер сен келіссең, біз сені бүгін-ақ тағайындаймыз, сол нұсқадан бас тартамыз», — деді.

Мен оған ұсынысы үшін алғыс айтып: «Мен — сөзінде тұратын адаммын, соны қадірлеймін. Мұнда қаржы немесе команда маңызды емес. Мен командамен соңына дейін бірге болуға уәде бердім. Ертең қандай шешім қабылданса да, оны абыроймен қабылдаймын. Сондықтан мені күтпеңіздер, мен осында соңына дейін қаламын», — дедім.

Ол: «Жақсы, түсіндім», — деді. Осылайша әңгіме аяқталды. Келесі күні олар жаңа бапкер тағайындады, ал мені сол күні жұмыстан шығарды.

Шынымды айтсам, қазір «Ақтөбеде» болмағаныма қуаныштымын. Себебі егер мен ол жаққа барсам, «бәрібір келіссөз жүргізіп, кеткісі келген екен» деген әңгіме айтылар еді. Ал мен әрдайым: «Жоқ, мен соңына дейін жұмыс істегім келеді», — деп айттым. Міне, солай болды. Қарапайым тілмен айтсам, өз сөзіме жауап бердім, — деді Адиев «Коммент.Шоу» YouTube арнасының жаңа шығарылымында.

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
14
2
Ордабасы
12
3
Елімай
12
4
Қызылжар
11
5
Оқжетпес
11
6
Ұлытау
11
7
Астана
9
8
Жетісу
8
9
Атырау
7
10
Ақтөбе
7
11
Ертіс
6
12
Жеңіс
6
13
Қайсар
4
14
Алтай
3
15
Тобыл
2
16
Каспий Ақтау
1