Үрімжі қаласының командасы кәсіпқой футболға жолдама беретін елдің деңгейі бойынша төртінші дивизионы – Қытай Чемпиондар лигасында (CMCL) өнер көрсетеді.
3 мамырда «Синьцзян Цзиньдунь» Иньчуань қаласында L тобында іріктеу кезеңін бастайды. Басты мақсат – ұлттық финалға шығып, үшінші лигаға жолдама алу. Клуб намысын қазақтар, ханзулар (қытайлықтар), ұйғырлар, және де басқа ұлт өкілдері қорғайды.
Бұл ретте Отарбаев жаңа жұмысын өзі наурыз айында келісімшартын ұзартқан Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының жасөспірімдер құрамасындағы (U-18) қызметімен қатар алып жүреді.
Футболшы болған жылдары Самат «Ордабасы», «Қыран», «Ақтөбе» және «Тараз» клубтарында ойнаған, сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алған.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.