Испанияның Ла Лига чемпионатының 33-туры аясында мадридтік «Реал Мадрид» пен «Алавес» кездесті. Ойын «Сантьяго Бернабеу» стадионында (Мадрид, Испания) өтті. Бас төреші — Хуан Мартинес Мунуэра (Аликанте, Испания). Кездесуде алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Алғашқы голды 30-минутта «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе соқты. 50-минутта «корольдік клубтың» вингері Винисиус Жуниор есеп айырмасын ұлғайтты. 90+3-минутта қонақтардың шабуылшысы Тони Мартинес бір гол қайтарып, ойынның қорытынды есебін 2:1 қылды.
32 матчтан кейін «Реал Мадрид» 73 ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орында тұр. Ал «Алавес» 33 ұпаймен 17-сатыға жайғасқан.
Келесі турда «Реал» 24 сәуір күні сырт алаңда «Бетис» клубымен кездессе, «Алавес» бір күннен кейін өз алаңында «Мальорка» командасын қабылдайды.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.