Көкшетаулықтар футболшының өкілдерімен алдын ала келіссөздер жүргізіп үлгерді. Қысқы трансферлік кезеңдегі мүмкін болатын ауысудың басты себебі – ойыншының Шымкентте өзіне жетіспей жүрген тұрақты ойын тәжірибесін алуға деген ұмтылысы. Өткен қысқы үзілісте форвард «Оқжетпеске» ауысуға жақын болған еді, алайда ол кезде тараптар өзара мәмілеге келе алмады.
Биылғы маусымда Тоқтыбай барлық додада «Ордабасы» сапында толық емес 18 матч өткізіп (алаңда барлығы 397 минут ойнады), бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Осы жылдың маусым айында шымкенттік футбол түлегі Венгрияға қарсы жолдастық кездесуде Қазақстан ұлттық құрамасы сапында алғашқы ойынын өткізді.
Шабуылшының трансферлік құны 250 мың еуроға бағаланып отыр.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.